"Жігіттер" тобының әншісі Айдар Тұрғамбек әлеуметтік желіге отбасылық жеке сәттерді салуға аулақ болуды шақырды, деп хабарлайды ozgeris.info.
Айдар Тұрғамбек отбасындағы ажырасудың бірден бір себебі – желіге жұбайының сыйлығын жария етіп көрсету екенін жеткізді.
"Жігіттер, өтініш... әйелдеріңе гүл беріп жатырған сәтті интернетке салмаңдаршы. Қыз-келіншектер сіздерде гүл алып жатырған бақытты кездеріңді жарияға жарсалмаңдаршы. Қанша отбасы соны көріп, күйеуіне ренжіп: жұрттың күйеуін қарашы әйеліне гүл беріп шетелде қыдыртып жүр. Бізде гүл де жоқ, шетел де жоқ, деп көп отбасында ұрыс-керіс, арты ажырасу болып жатыр. Отбасын деген құпия болу керек қой!", - деді әнші әлеуметтік желідегі парақшасында.