Ақмола облысы

Жеті көлік соқтығысты: Ақмолада өліммен аяқталған апат

Ақмола облысында бірнеше көліктің қатысуымен ірі жол-көлік оқиғасы тіркелді деп жазады Оzgeris.info. Полиция мәліметінше, апат 13 желтоқсан күні Астана – Ерейментау – Шідерті автожолының Павлодар бағытымен қозғалыс бөлігінің 94–95 шақырымында болған.

 

Алдын ала деректерге сәйкес, жол апатына жеті автокөлік қатысқан. Оқиға салдарынан екі адам әртүрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілді. Тағы бір жолаушы оқиға орнында көз жұмған.

 

Құқық қорғау органдары аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастап, оның нәтижесіне қарай тиісті процессуалдық шешім қабылданатынын хабарлады.

 

Полиция қызметкерлері жол қозғалысына қатысушыларды жылдамдық режимін қатаң сақтауға, әсіресе көлік қозғалысы тығыз учаскелерде аса сақ болуға және автокөліктің техникалық жағдайын үнемі бақылауда ұстауға шақырды.

Барлық жаңалық