Ақмола облысы Аршалы ауданы Волгодоновка ауылында өз қаражатына ойын алаңын орнатқан кәсіпкер Станислав Кругов 1 млн 250 мың теңге айыпұл төлейді. Дау неден шықты, кәсіпкер мен баласы ойын алаңында құлаған отбасының уәжі қандай, Sputnik Қазақстан сұрап білді, деп хабарлайды ozgeris.info.
Осыдан төрт жыл бұрын Станислав Кругов ойын алаңын орнатуға кіріскен. Одан бұрын ауылдағы бос жатқан алаңдарды жергілікті әкімдік тазартып, арнайы балаларға арналған алаң салуды жоспарланған. Алайда бел шешіп кірісіп, балаларды қуанышқа бөлеген ешкім бола қоймайды.
"Әкімдікке барып осы жерге ойын алаңын салу туралы рұқсат сұрадым, олар берді. Үш жылға жалғасты. Қанша ақша кетті ол жағын білмеймін де, есептемедім де. Демалып отыратын арнайы орындарды қолдан жасадым, кейбірі ақшаға жасалды. Мәселе қанша ақша жұмсағанымда емес, мен оны мақсат тұтпадым", - дейді Станислав Кругов.
"Бірақ қызы ылғи осы ойын алаңында ойнап жүрді. Мектеп дәрігері қараған, сосын анасы аудандық, содан қаладағы ауруханаға қаратқан. Қандай диагноз қойылғанын да білмеймін. Әу баста қылмыстық іс қозғалған, кейіннен азаматтық іске ауыстырды", - дейді кәсіпкер.
"Бұл оқиғадан кейін ойын алаңын жинап тастадым. Өйткені ертең тағы бір бала жарақат алса, тағы мен кінәлі боламын. Сол кезде көрші ауылдағы балабақша өтініш жасап, ойын алаңын өздеріне беруімді сұрады. Ақшалары жоқ, "бірнәрсе етіп жинап береміз" деді. Мен көк тиын да алмастан сол кісілерге бердім. Айтпағым, мұндай келеңсіз жайттар қайтарымсыз жақсылық жасауға деген құлшынысыңды кетіріп, ниетіңді өзгертеді. Жақсылық жасайсың, сол үшін жазаланасың", - дейді айыпты болған кәсіпкер.
"Қазіргі уақытта қызға шетелде ота жасау керек, өйткені қазақстанда емдеуге жүрексініп отыр. Қызға мүгедектік қойып отыр, болашағы қалай болары белгісіз. Сот үкімі әділ деп ойлаймыз. Балаларды ойын алаңына апарған мектеп те, ойын алаңын салған кәсіпкер де тікелей жауапты", - дейді ол.
"Қыздың анасына онсыз да оңай емес, түсіністікпен қараңыздар. Ол баласының денсаулығын жақсартуы керек. Баласын қорғаған кез келген ана осылай істер еді. Ал кәсіпкер өз кінәсін мойындап, қызға көмектессе деймін. Мейлі кім қайырымдылық жасаса да заң талаптарына сай жасау керек", - дейді "Халық үміті" қорының директоры.
Сот үкімімен құлаған жеткіншектің анасына 2 миллион 500 мың теңге өтемақы төлеу туралы шешім шыққан. Оның жартысын кәсіпкер, жартысын мектеп төлейтін болды.
Ал әлеуметтік желі қолданушылары бұл оқиғаға қатысты пікір айтып, кәсіпкерге қолдау білдіріп жатыр.