✅ Пайдалы

Жаңа жыл түні таксимен қалай арзан жүруге болады?

Жаңа жыл таяғанда көп адамды бір сұрақ мазалайды: «Такси неге қымбаттап кетеді?». Көбі «тарифті көтеріп тастады» деп ойлайды. Ал шын мәнінде Яндекс Go-да отырғызу ақысы да, 1 километр мен 1 минуттың бағасы да өзгермейді. Бағаның өсуі тек сұранысқа байланысты. Қашан, қалай шақырған дұрыс екенін білсеңіз, артық ақша төлемеуге әбден болады.

Жаңа жыл қарсаңында қалада қозғалыс көбейеді. Адамдар қонаққа барады, кешке асығады, бір жерден бір жерге жету керек болады. Осындай кезде таксиге сұраныс күрт өседі. Ал бос көлік азайса, жүйе уақытша бағаны көтереді. Бұл – таксиді мүлде таппай қалмас үшін қолданылатын шара.

Яндекс Go-дың 2024 жылғы деректері көрсеткендей, 31 желтоқсанда таксиді ең тиімді шақыратын уақыт – таңғы 9:00-ден 12:00-ге дейін. Бұл кезде жүргізушілер желіде көп, ал сұраныс әлі аса жоғары емес. Сондықтан баға базалық деңгейде сақталған.

Түстен кейін жағдай өзгереді. Кей жүргізушілер мерекеге дайындалу үшін жұмыстан шыға бастайды. Соның салдарынан бос көлік саны азаяды. Ал сұраныс бар. Осы сәтте такси бағасы уақытша қымбаттайды.

Түнгі 00:00-ден кейін, 1 қаңтардың 2:00-не дейін таксиге мінгісі келетіндер көбейеді. Көпшілік қонақтан тарайды, мерекелік кештер аяқталады. Бірақ дәл осы уақытта жүргізушілер саны аз болады. Сол себепті баға жоғары болып шығады.

Ал 2:00-ден 3:30-ға дейін сұраныс біршама төмендейді. Көп адам үйіне жетіп үлгереді, көшеде қозғалыс азаяды. Осы уақыт аралығында такси бағасы да арзандайды.

 

Бірақ тыныштық ұзаққа созылмайды. Таңғы 3:30-дан 8:30-ға дейін тағы да қарбалас басталады. Көпшілік осы уақытта үйлеріне қайтады. Көлік күту уақыты ұзарып, жолақы қайта қымбаттайды.

Ең қолайлы уақыттардың бірі – 1 қаңтар күні таңғы 8:30-дан 11:00-ге дейін. Бұл кезде жүргізушілер біртіндеп желіге қайта шыға бастайды, ал халықтың көбі мерекеден кейін үйде болады. Сондықтан такси шақыру тиімдірек.

Сондай-ақ 1 қаңтар күні күндіз 14:00-16:00 аралығында және кешке 18:00-21:30 аралығында сұраныс төмендеген. Бұл уақытта да такси бағасы қолжетімді болған.

Таксиден үнемдеудің тағы бір маңызды жолы – қосымшадағы сұраныс индикаторына қарау. Егер индикатор жасыл түсте тұрса, демек бос көлік жеткілікті, баға базалық деңгейде тұрады. Ал сары немесе қызыл түске ауысса, сұраныс жоғары, жолақы қымбат деген сөз. Осындай сәтте сәл күткен дұрыс болуы мүмкін.

Қосымша кейде «күту» немесе «жаяу бару» деген ұсыныстар береді. Мысалы, көлікті 2-3 минут кешігіп алу немесе бірнеше минут жаяу жүріп, ыңғайлы жерден міну бағаны төмендетеді. Аулаға кіру қиын болса немесе жолда кептеліс тұрса, бұл нұсқа әсіресе тиімді.

Тағы бір қарапайым кеңес таксиді тура сағат сайын шақырмау. Әдетте 15:00, 18:00 сияқты дөп уақыттарда сұраныс күрт өседі. Егер 15:00-де шығу керек болса, тапсырысты 14:40-та берген дұрыс. Осылайша баға арзанырақ болуы мүмкін.

Бағаны уақытша көтеретін коэффициент – тұрақты құбылыс емес. Ол тек сұраныс тым көбейіп кеткен сәтте қолданылады. Бұл жүргізушілерді желіге тартуға көмектеседі. Жүргізушілер жеткілікті болған кезде жүйе автоматты түрде бағаны бұрынғы қалпына қайтарады.

 

 

Барлық жаңалық