Жаңалықтар

Жамбыл облысында келіннің тойда сәлем салудан бас тартуы сотпен аяқталды

Жамбыл облысында келіннің тойда сәлем салудан бас тартуы сотпен аяқталды

Жамбыл облысында келіннің сәлем салудан бас тартуы сотпен аяқталды, деп хабарлайды Оzgeris.info. 
Белгілі болғандай, мейрамханадағы үйлену тойы кезінде күйеуі жұбайынан ежелгі қазақ дәстүрі бойынша үлкен әпкесіне сәлем салуды өтінген. Ал әйелі өтінішті орындаудан бас тартқан. 

Олар үйге оралған соң ер адам әйелінің мінез-құлқына наразылығын білдіріп, оған былапыт сөздер айтқан.

Сотта құқықбұзушы өзінің кінәсін толық мойындап, әйелінен кешірім сұраған.  Тараптардың медиация тәртібімен татуласқанына байланысты соттан іс бойынша өндірісті тоқтату сұралған.

Жәбірленуші күйеуі қайын енесіне қоңырау шалып, қызы мен немерелерін қайтарып алып кетуді дөрекі түрде талап еткенін түсіндірді. Сондай-ақ олда татуласуға байланысты іс бойынша іс жүргізуді тоқтатуды сұрады. Сот қаулысымен іс бойынша іс жүргізу тараптардың медиация тәртібімен татуласқанына байланысты тоқтатылды, - деп хабарлады Жуалы аудандық сотының баспасөз қызметі.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Барлық жаңалық