Жаңалықтар

Иран Израиль премьер-министрі Нетаньяхудың кеңсесіне шабуыл жасады

Иран Израиль премьер-министрі Нетаньяхудың кеңсесіне шабуыл жасады

Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың кеңсесіне зымыранмен соққы жасалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.

«Әскери операция барысында қылмыс режимінің премьер-министр кеңсесі, сондай-ақ оның әуе күштері қолбасшысының орналасқан жері «Хейбар» зымырандарымен атқыланды», – делінген Иранның мемлекеттік телерадиосы таратқан хабарламада.

Ислам революциясы сақшылар корпусы Израиль премьер-министрінің тағдыры әзірге белгісіз екенін хабарлады.

Айта кету керек, бұған дейін Иран АҚШ-пен келіссөз жүргізбейтінін мәлімдегенін жазғанбыз. Иранның уақытша жоғарғы көсемі тағайындалды.  Дональд Трамп Ирандағы әскери іс-қимыл қанша уақытқа созылатынын айтты. 

Барлық жаңалық