UFC-дің бұрынғы жеңіл салмақтағы жеңімпазы, даңқты спортшы Хабиб Нұрмағомедов қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов жайында өз пікірін білдірді, деп хабарлайды ozgeris.info сайты Tengri Sport сайтына сілтеме жасап.
Белгілі промоутер Камил Гаджиевпен сұхбат барысында Хабиб шәкірті әрі досы Ислам Махачевтің келесі қарсыласы кім болуы мүмкін деген сұраққа жауап берді.
Ол Шавкат Рахмоновты атап, оның кез келген қарсыласқа қауіпті әрі құрметке лайық спортшы екенін айтты.
– Егер Маддалена (UFC чемпионы) болмағанда, Ислам кіммен жекпе-жекке шығуы мүмкін?
“Менің ойымша, Шавкат – ең лайықты қарсылас. Ол тек құрмет тудырып қана қоймайды, сонымен бірге үлкен қауіптің өзі. Өз айқастары арқылы ол 77 келі салмақтағы дивизионда қаншалықты қауіпті екенін дәлелдеп берді”, – деді Хабиб Нұрмағомедов.