Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының алғашқы ойынында Мексика және Оңтүстік Африка құрамалары кездесті.
Мексика астанасы Мехико қаласындағы «Ацтека» стадионында өткен ойын барысында қос құрама жылдам гол соғуға тырысты. Алғашқы минуттан мексикалық футболшылар белсенділік көрсетті. Нәтижесінде олардың қатарынан 9-минутта Хулиан Киньонес қақпаны дәл көздеді.
Бұл голдан кейін африкалық құрама таразы басын теңестіруге ұмтылса, мексикалық футболшылар есепті еселеуге тырысты.
Екінші кезеңде Оңтүстік Африка сапынан Яя Ситхоле 49-минутта қызыл қағаз алып, ойынде ерте аяқтауға мәжбүр болды.
Ал 67-минутта мексикалық шабуылшы Рауль Хименес қарсылас қақпасын саңылау тауып, есепті ұлғайта түсті.
Ойынның 84-минутынла Оңтүстік Африка сапынан Тхемба Зване, 92-минутында мексикалық Сесар Монтес алаңнан қуылды.
Енді екінші турда 19 маусымда Мексика Оңтүстік Кореямен кездессе, 18 маусымда Оңтүстік Африка құрамасы Чехиямен шеберлік байқасады.
Айта кетсек, бұл топтағы алғашқы турдағы тағы бір ойын Қазақстан уақытымен 7:00-де Оңтүстік Корея - Чехия арасында өтеді.
https://kaz.inform.kz/news/futboldan-ach-meksika-algashki-oyinda-ontustk-afrikani-zhend-cdb95fb6