🤖 Digital

Футбол тарихындағы үлкен өзгеріс: Әлем чемпионатында жасанды интеллект қалай жұмыс істейді

Футбол тарихындағы үлкен өзгеріс: Әлем чемпионатында жасанды интеллект қалай жұмыс істейді

Халықаралық футбол федерациясы мен Lenovo компаниясы 2026 жылғы Әлем чемпионатында қолданылатын тың шешімдерді таныстырды. Бұл туралы ozgeris.info сайты жазады. Жаңа технологиялар матчтарды тереңірек талдауға көмектеседі. Олар төрешілердің шешім қабылдауын жеңілдетіп көрермендерге ерекше әсер сыйлайды.

Ең басты жаңалықтардың қатарына ойыншылардың 3D-аватарларын жатқызуға болады. Турнир басталмас бұрын барлық спортшылар арнайы сканерден өтеді. Нәтижесінде әр футболшының цифрлық бейнесі жасалады. Бұл мәліметтер офсайтты жартылай автоматты түрде анықтайтын жүйеге біріктіріледі. Айып алаңындағы өте жылдам қозғалыстар мен көру қиынға соғатын сәттерде бұл технология таптырмас құрал болмақ. Жаңа жүйе көрермендерге даулы сәттердің нақты бейнесін ұсынады. Алаңдағы шешімдерді тез әрі ашық қабылдауға жол ашады.

Бапкерлер қосыны да назардан тыс қалмады. Мамандарға "Football Language" тілдік моделіне негізделген "Football AI Pro" бағдарламасы ұсынылады. Жүйе жүздеген миллион ойын деректерін сараптайды. Бапкерлерге ойынға дейін және одан кейін бейне немесе мәтін түрінде егжей-тегжейлі талдау береді. Ақпараттар графика және 3D форматында да қолжетімді. Бұл мүмкіндік турнирге қатысатын 48 командаға бірдей беріледі. Бапкерлер жүйеге өз ана тілінде сұрақ қоя алады. Осылайша қарсыластардың осал тұстарын зерттеп жаңа тактика құруға толық жағдай жасалған. Тек адами факторды сақтап қалу үшін бұл технологияны тікелей матч кезінде қолдануға қатаң тыйым салынады.

Бұдан бөлек "Referee View" технологиясы едәуір жақсарады. Арнайы камера тікелей қазының киіміне бекітіліп ойынды төреші көзімен көруге мүмкіндік туады. Бұған дейінгі сынақтар кезінде бейнелер бұлыңғырланып камера қатты дірілдейтін. Енді бұл мәселені шешу үшін жасанды интеллект алгоритмдері іске қосылды. Олар күрт қозғалыстарды тегістеп табиғи әрі анық көріністі сақтап қалады.

Барлық жаңалық