Қоғам

«Есірткі шеккен»: Блогер Juzzefina қамауға алынды

«Есірткі шеккен»: Блогер Juzzefina қамауға алынды

Алматыда әлеуметтік желіде әкесінен зорлық-зомбылық көргенін мәлімдеген блогер қыз әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

Алматы полициясының мәліметінше, әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг кезінде блогердің әкесі тарапынан өзіне қатысты зорлық-зомбылық жасалғаны туралы айтқан, сондай-ақ былапыт сөздер қолданып, қоғамдық тәртіпті бұзатын әрекеттер көрсетілген видеолары анықталған.

Бұл мәлімдемелер бойынша тексеру жүргізіліп, контент авторы мен оның ата-анасынан жауап алынған. Тексеру нәтижесінде бұл әрекеттер туралы ақпарат расталмаған. Сонымен қатар видео қыздың тыйым салынған заттарды қолданғаны байқалған. Медициналық куәландыру оның есірткі заттарын пайдаланғанын растады.

Полиция блогердің әрекеттерінен ұсақ бұзақылық жасау және жалған ақпарат тарату белгілерін анықтап, жиналған материалдарды сотқа жолдаған.

Барлық жаңалық