Жаңалықтар

Ерекше құқықтық мәртебеге ие: Қазақстанда жаңа мегаполис пайда болады

Ерекше құқықтық мәртебеге ие: Қазақстанда жаңа мегаполис пайда болады
 Қазақстанда жаңа Алатау қаласын ерекше мәртебемен дамыту туралы заң дайындалды, 
 
Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Парламентте айтты.
 
Оның сөзінше, Алатау жай ғана қала болмайды. Бұл өңірді тез дамыту үшін арнайы құқықтық режим енгізілмек. Яғни қалада салық, инвестиция, жер беру және бизнес жүргізу тәртібі Қазақстанның басқа қалаларынан бөлек болуы мүмкін. Бозымбаевтың айтуынша, мұндай модель әлемде бұрын қолданылған. Қытайдағы Шэньчжэнь, Сингапур, Дубай сияқты қалалар дәл осындай арнайы мәртебе арқылы тез дамыған.
 
Сондықтан Алатау да инвестор тартатын жаңа экономикалық орталыққа айналады деп жоспарланып отыр. Қазірдің өзінде қалада іске асуы мүмкін 40-тан астам инвестициялық жоба бар. Олардың жалпы құны 1,8 триллион теңгеге жуық. Егер жоспар жүзеге асса, ондаған мың жаңа жұмыс орны ашылады.
 
 Жаңа заң бойынша Алатауда арнайы басқару органы құрылады. Ол инвестиция тарту, салық жеңілдіктерін беру және ірі жобаларды бақылаумен айналысады. Сонымен қатар қала 30 жылға арналған жоспармен дамиды, бұл инвесторларға тұрақтылық беру үшін қажет. Үкіметтің болжамынша, барлық жоба іске асса, 2050 жылға қарай Алатау қаласының экономикасы ондаған миллиард долларға жетуі мүмкін. Бірақ сарапшылар мұндай арнайы аймақтар дұрыс басқарылмаса, нәтиже болмайтынын да ескертіп отыр.
 
 
 
Барлық жаңалық