✅ Пайдалы

Енді әскерден онлайн бас тартсаңыз болады

Енді әскерден онлайн бас тартсаңыз болады

Енді әскерге шақыру қағазын іздеп, пошташыны күтудің қажеті жоқ. Қорғаныс министрлігі жаңа өзгеріс ұсынды. Сарбаз болуға шақырту SMS-пен келеді. Телефонға келген хабарламаның өзі ресми құжаттың күшімен тең болады, деп жазады Ozgeris.info.

Тағы бір ыңғайлы жақ – әскерге баруды кейінге қалдыруды онлайн жасауға болады. Бұрын құжат жинап, әскер бөлімшесіне барып әуре болса, енді бәрін eGov сияқты мемлекеттік қызмет арқылы рәсімдей аласыз.

Құжат қазір «Ашық НҚА» порталында тұр, 9 қыркүйекке дейін халық талқылайды. Қолдау тапса, жаңа ереже күшіне енеді.

Айта кетейік, Қазақстанда әскерге шақыру жылына екі рет өтеді: көктемде 1 наурыздан 30 маусымға дейін, күзде 1 қыркүйектен 31 желтоқсанға дейін.

Барлық жаңалық