Павлодар, Қарағанды және Абай облыстарында ауа райының күрт бұзылуына байланысты республикалық жолдар жабылды, деп хабарлайды Оzgeris.info сайты «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметіне сілтеп.
12 қаңтар сағат 15:30–да келесі республикалық маңызы бар автожолдарда көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады:
Павлодар облысы:
— «Қызылорда — Жезқазған — Қарағанды — Шідерті» автожолының 1135-1206 шақырым аралығы (Қарағанды облысының шекарасы — Шідерті ауылы);
— «Қалқаман — Баянауыл — Үміткер — Ботақара» автожолының 0-231 шақырым аралығы (Қалқаман ауылы — Қарағанды облысының шекарасы);
— «Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы» автожолының 200-431 шақырымы аралығы (Ақмола облысы шекарасы — Атамекен ауылы).
Қарағанды облысы:
— «Қызылорда — Жезқазған — Қарағанды — Шідерті» автожолының 1067-1135 шақырым аралығы (Молодежный ауылы — Павлодар облысының шекарасы);
— «Қалқаман — Баянауыл — Үміткер — Ботақара» автожолының 231-324 шақырым аралығы (Павлодар облысының шекарасы — Ботақара ауылы).
Ақмола облысы:
— «Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы» автожолының 16-200 шақырым аралығы (Астана қаласы — Павлодар облысының шекарасы).
Жолды 2026 жылғы 12 қаңтар сағат 20:00–де ашу жоспарланған.
12 қаңтар сағат 15:30–да келесі республикалық автожолдарда көліктің барлық түрлері қозғалысына шектеу қойылды:
Павлодар облысы:
— «ҚХР шекарасы — Майқапшағай — Зайсан айналма жолы — Қалбатау — Семей — Павлодар — РФ шекарасы» автожолының 427-587 шақырым аралығы (Кенжекөл ауылы — Абай облысы шекарасы).
Абай облысы:
— «ҚХР шекарасы — Майқапшағай — Зайсан айналма жолы — Қалбатау — Семей — Павлодар — РФ шекарасы» автожолының 587-733 шақырым аралығы (Павлодар облысы шекарасы — Семей қаласы).
Жолды 2026 жылғы 12 қаңтар сағат 20:00–де ашу жоспарланған.
Айта кетейік, 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.