Қоғам

Елена Рыбакинаға әлемнің бірінші ракеткасы трофейі табысталды

Елена Рыбакинаға әлемнің бірінші ракеткасы трофейі табысталды

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаға әлемнің бірінші ракеткасы атағын растайтын арнайы Chris Evert WTA World No.1 Trophy табысталды,деп хабарлайды Ozgeris.info.

Рыбакина 14 қыркүйекте жаңартылған WTA рейтингінде алғаш рет әлемдік рейтингтің көшін бастады. Осылайша ол Қазақстан тарихында ерлер мен әйелдер арасындағы жекелей сында әлемнің бірінші ракеткасы атанған алғашқы теннисші болды.

Арнайы трофей күмістен жасалған теннис добын бейнелейді және жұлдызды аспан картасы түрінде безендірілген. Онда бұған дейін WTA рейтингінде бірінші орынға көтерілген барлық теннисшілер символикалық түрде көрсетілген. Трофей аты әлемдегі алғашқы ресми №1 теннисші атанған Крис Эверттің құрметіне қойылған.

Рыбакинаның тарихи жетістігі US Open-2026 турниріндегі жеңісімен қатар келді. Қазақстандық теннисші финалда Арина Соболенконы 6:4, 5:7, 6:2 есебімен жеңіп, мансабында алғаш рет US Open чемпионы атанды. Бұл оның Үлкен дулығадағы үшінші титулы болды.

Барлық жаңалық