Қоғам

Елена Рыбакина АҚШ-тың ашық чемпионатында жеңіске жетті

Елена Рыбакина АҚШ-тың ашық чемпионатында жеңіске жетті

US Open-2026 турнирінің финалында қазақстандық теннисші Беларусь өкілі Арина Соболенкоға қарсы ойнады. Матч үш сетке созылып, Рыбакина 6:4, 5:7, 6:2 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Бұл Рыбакинаның US Open турниріндегі мансабындағы алғашқы, ал «Үлкен дулыға» додаларындағы үшінші жеңісі болды. Бұған дейін қазақстандық спортшы 2022 жылы «Уимблдонда», 2026 жылы Australian Open турнирінде чемпион атанған.

Биылғы маусымда Рыбакина екінші рет «Үлкен дулыға» турнирінде жеңімпаз атанып отыр. Australian Open-2026 финалында да ол Соболенконы жеңген болатын.

 

Сонымен қатар US Open қорытындысы бойынша Рыбакина алғаш рет мансабында WTA әлемдік рейтингінде бірінші орынға көтеріледі. Ол әйелдер арасындағы жекелей сында рейтингтің көшін бастаған тұңғыш қазақстандық атанды.

Барлық жаңалық