Белгілі журналист әрі кәсіпкер Динара Сатжан Instagram парақшасына жаңа видео жүктеп, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді деп жазады Оzgeris.info.Видеоның ерекше болуына себеп Динараның күйеуінің ауылына барып, нағыз келінше нан жаюы.
Кадрларда ол дастарқан қамына кірісіп, қамыр жаюдың барлық қыр-сырын көрсетті. Желі қолданушылары Динараның қарапайымдылығы мен инабаттылығына тәнті болып, жылы пікірлерін аямады.
Көпшілік:
«Нағыз қазақы келін!»,«Бизнесвумен болса да, салт-дәстүрді ұмытпағаны қандай керемет!»,«Өте сүйкімді образ, жарасады»,–деген сынды пікірлер қалдырды.
Динара Сатжанның іскер әйел, асыл жар және инабатты келін бейнесін қатар алып жүргені елге ерекше ұнағандай. Оның бұл видеосы аз уақыт ішінде кең таралып, жұртшылық тарапынан жылы қабылданды.
