Шоу-бизнес

Димаш Құдайбергенге латвиялықтар ерекше сыйлық тарту етті (ФОТО)

Димаш Құдайбергенге латвиялықтар ерекше сыйлық тарту етті (ФОТО)

Димаштың жанкүйерлері әдеттегідей әншіні әуежайдан ыстық ықыласпен қарсы алып, оған латыштардың дәстүрлі музыкалық аспабы – коклені сыйға тартты, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Кокле – ежелгі музыкалық аспап. Зерттеушілердің деректеріне сүйенсек, оның пайда болуы балтық тайпалары кезеңіне дейін барады. XIII ғасырдың өзінде-ақ осы аспапта кәсіби деңгейде ойнаған музыканттар тобы болған екен.

Аспаптың құрылысы қуыс трапеция пішінді денеден және жұқа ағаш тақтайшадан тұрады. Жіңішке металл өзекке 6-дан 9-ға дейін, қазіргі заманда 20-ға дейін жететін ішектерді бекітетін ағаш түйреуіштер орнатылады. Бұл аспапқа қатысты көптеген аңыздар бар. Оның аты халық ертегілері мен жырларында жиі аталады. Кокле сондай-ақ, Латвияның мәдени канонына да енгізілген.

Латвиядағы Димаш фан-клубының өкілдері халықтың бұл музыкалық аспапқа ерекше ілтипатпен қарайтынын және коклені сыйға тартқанда, әдетте оны тоқыма жылы көрпеге орап беру дәстүрге айналғанын айта кетті.

Барлық жаңалық