Жаңалықтар

Бүгін Қайрат Нұртасқа қатысты сот отырысы өтеді

Бүгін Қайрат Нұртасқа қатысты сот отырысы өтеді
Сот жабық түрде өтеді, тікелей эфир жоспарланбаған, деп хабарлайды Ozgeris.info.
"Келіп түскен іс бүгін, сағат 12:00-де Астананың әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралады. Тікелей эфир жоспарланбаған", – делінген Жоғарғы соттың Inbusiness.kz сайтына жауабында.
Қазақстандық әнші Қайрат Нұртас (шын аты-жөні Қайрат Нұртасұлы Айдарбеков) ұсақ бұзақылық жасағаны үшін сотқа тартылғанын еске саламыз. Көліктегі полиция департаменті, Алматы-Астана рейсінің бортында ұсақ бұзақылық жасау және денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру дерегі бойынша әкімшілік іс қозғалып, материалдар сотқа қарау үшін жіберілген.
Барлық жаңалық