Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, күдікті ұсталып уақытша ұстау изоляторына қамалған. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
— Полиция адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады, — деп хабарлады өңірлік полиция департаментінен.
Тәртіп сақшылары ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайтынын мәлімдеді.