Жаңалықтар

Түркістан облысында анасын өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

Түркістан облысында анасын өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

Түркістан облысы Түлкібас ауданында өз анасын өлтірді деген күдікпен 40 жастағы ер адам ұсталды, деп жазады Ozgeris.info тілшісі.

Облыстық Полиция департаменті мәліметінше, пышақ жарақаты бар егде жастағы әйелдің сүйегі өз үйінен табылған.

"Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді. Марқұмның 40 жастағы ұлы күдікті ретінде ұсталып, қамауға алынды. Қылмыстың нақты себебі әзірге белгісіз", – деп жазылған ресми хабарламада.

Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр.

Барлық жаңалық