Шоу-бизнес

"Бүгін өмірден озған күні": Мақпал Жүнісова күйеуі Заманбекті жоқтады (ВИДЕО)

"Бүгін өмірден озған күні": Мақпал Жүнісова күйеуі Заманбекті жоқтады (ВИДЕО)

Әнші Мақпал Жүнісова 12-қараша Заманбек Нұрқаділовтің қайтқан күні екенін айтып желідегі парақшасында бірнеше жазба жариялады, деп жазады ozgeris.info. 

"12-қараша Зәкеңнің өмірден озған күні. Топырағыңыз торқа болсын", - деді ол. 

Сондай-ақ марқұм күйеуінің жазбаларын да желіге жүктеді. 

"Зәкең осы әнді домбырамын жиі айтқызатын еді", - деп Мақпал Жүнісова "Есіңе мені алғайсың" әнін шырқады. 

Жүнісова Нұрқаділовтің шығармашылығынан да сыр шертті. 

"Зәкеңнің өлеңіне жазылған әннен үзінді. "Өмір-ай". Бұл домбыраны Зәкеңе сыйға тартқан", - деді ол. 

Мақпал Жүнісованың еске алу жазбаларына көптеп пікір жазылған. Олардың ішінде Димаш Құдайберген де бар. 

"Керемет, Мақпал апай", - деді талантты әнші. 

Бұдан бөлек әншінің оқырмандары түрлі жұбату сөздерін айтып, Жүнісованың қайғысына ортақтастқан. 

Айта кетейік, биыл Заманбек Нұрқаділовтің өмірден өткеніне 20 жыл. Саясаткер 2005-жылдың 12-қарашасында ажал құшқан еді. 

Барлық жаңалық