Біржан Хасанғалиев Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты білім беру ұйымының басшысы ретіндегі көпжылдық қызметі аяқталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
«Құрметті достар! Бүгін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты білім беру ұйымының басшысы ретіндегі көпжылдық қызметім аяқталды. Бұл өмірімдегі өте қызықты, есте қаларлық және ең бастысы, маңызды кезең болды. Көптеген іс атқардым және сол еңбегімнен зор ләззат алдым. Ұзақ жылдар бойы еліміздің жетекші оқу орындары – П.И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжін, сондай-ақ аз уақыт Орал Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжін басқарғаныма қуаныштымын. Бұл кезең менің жадымда мәңгі сақталады», – деп жазды Біржан Хасанғалиев.