Маңғыстау облысы

Бейнеуде полиция көлігі мен 17 жастағы жасөспірім соқтығысты (ВИДЕО)

Маңғыстау облысының Бейнеу ауылында патрульдік полицей көлігі жол апатына түсті деп хабарлайды Оzgeris.info.Оқиға 25 қараша күні түнгі сағат 02:00 шамасында болған.

 

Бақылау камераларына жазылған видеода патрульдік көліктің қиылыстан шыға берген сәтте Toyota Camry автокөлігімен соқтығысқаны анық көрінеді.Маңғыстау облыстық полиция департаменті Toyota көлігін тізгіндеген жүргізуші – 17 жастағы жасөспірім болғанын хабарлады.

 

Алайда, патрульдік полицейдің манёвры туралы ресми түсініктеме берілген жоқ. Бұл жайтты көпшілік сынға алып, видеоны көргендер «полицей екінші жолдан шығарда қауіпсіздікке көз жеткізбеген сияқты» деген пікірлер білдіруде.

 

Белгілі болғандай, жасөспірімнің ата-анасына әкімшілік айыппұл салынған. 

 

Барлық жаңалық