Маңғыстау облысы

Бейнеу ауылында ер адам өзін өртемек болды (ВИДЕО)

Бейнеу ауылында ер адам өзін өртемек болды (ВИДЕО)

Бейнеу ауылында полиция бөлімінің бақылау-өткізу пункті маңында ер адам өзін өртемек болды, деп хабарлайды Оzgeris.info сайты Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

 

Аймақтық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға жолды патрульдеу кезінде басталған. Полицейлер жол қозғалысы ережесін бұзған жүргізушіні тоқтатып, оны әкімшілік жауапкершілікке тартқан.

 

«Біраз уақыттан кейін ол өзі полиция бөлімінің бақылау-өткізу пунктіне келіп, қызметкерлердің заңды әрекеттеріне наразылық білдірді. КПП маңында ер адам үстіне сұйықтық құйып, өзін өртемек болған. Құқық қорғаушылар оның әрекетін дер кезінде тоқтатты. Ер адам медициналық мекемеге жеткізілді», — деп хабарлады ведомство.

 

Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу жүргізіліп, барлық мән-жай анықталып жатыр.

 

Барлық жаңалық