Автобус Орал — Қаратөбе бағыты бойынша жол жүріп бара жатқан. Қозғалыс кезінде одан өрт шыққан. Автобус ішінде 37 жолаушы болған. Қуанышқа орай, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Барлық жолаушылар көліктен өздері шығып үлгерген.
«8 тамыз кешкісін жедел кезекшінің пультіне Теректі ауданында, Самара — Шымкент тасжолының Шалқар көліне бұрылатын тұсында автобустан өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Автобуста 37 жолаушы болған, олар өздігінен эвакуацияланды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт БҚО ТЖД жеке құрамының сегіз адамы мен екі техника бірлігінің жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында толықтай сөндірілді», — деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.