TikTok қолданушысы картаның көмегімен Қайрат Нұртас туралы күтпеген мәлімет айтты, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
Бибігүл психолог атымен танылған ол танымал әншінің отбасы туралы сөз қозғады.
Қайрат Нұртастың өмірінде Жұлдыздан бөлек әйел бар ма, деген сауалға жауап берді.
"Қайраттың адам ретінде қандай екенін білмеймін, бірақ әнші ретінде жақсы көремін. Ал Жұлдыз тәкаппарлығы басым, өзінше әйел сияқты. Мен өз атымнан айтпаймын, тек картадан шыққанда оқимын. Екеуінің арасында бір сызат бары рас. Тіпті жасырын оқиғасы да бар. Бір қызды екіқабат қылып қоюуы әбден мүмкін. Бірақ не болса да өз отбасына қарай басын бұрып отыр", - деді ол карталарын ашып.
Осы тұста желі қолданушылары түрлі қарсылық пікірін жазды.