Әлеуметтік желіде Астананың 24 жастағы тұрғыны өзінің әпкелерімен бірге демалыс кезінде суға батып кете жаздағанын айтып, оқиғаның мән-жайын баяндаған. Оның айтуынша, жағдайға аттракцион қызметкерлерінің салғырттығы себеп болған деп хабарлайды ozgeris.info сайты Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Қарағанды облыстық полиция департаменті бұл жағдайдың 8 тамызда тіркелгенін хабарлады. Сол күні жәбірленуші қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсетілгені жөнінде арыз түсірген.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, оқиғаға қатысы бар барлық адамдар анықталып, жауап алынды. Тергеу барысында оқиғаның толық мән-жайы, сондай-ақ құқықбұзушылыққа ықпал еткен себептер мен жағдайлар анықталмақ. Полиция кінәлілердің заң аясында қатаң жауапкершілікке тартылатынын атап өтті.