Жаңалықтар

Атырау әкімі өз еркімен қызметінен кетті

Атырау әкімі өз еркімен қызметінен кетті

Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкин қызметінен кетті. Мұны Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Ресми мәліметке сүйенсек, Шәкір Кейкин лауазымын өз еркімен босатқан.Оның өтінішін аймақ басшысы қанағаттандырды.

Шенеунік шахар басшысы қызметіне 2023 жылдың 10 шілдесінде кіріскен еді. 

Шәкір Кейкин түрлі мемлекеттік мекемеде басшылық лауазымда жұмыс істеді.

2023 жылдың наурызынан бастап қала әкімі қызметіне кіріспеске дейін 
Сауда және интеграция министрлігінде Сауда департаментінің басшысы қызметін атқарып келген.




Барлық жаңалық