1 қазан – Қарттар күніне орай елорда зейнеткерлері біржолғы әлеуметтік төлем алады. Бұл туралы Астана қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мәлімдеді, деп жазады Ozgeris.info.
Әкімдіктің дерегінше, әр зейнеткерге 2,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 9830 теңге төленеді. Бұл қолдау зейнетақы жасына жеткен барлық азаматтарға және ең төменгі зейнетақы алушыларға арналған.
Жалпы алғанда, 100 мыңнан астам астаналық зейнеткер осы төлемді алмақ.