Астанаға Вашингтоннан тағы бір мәртебелі мейман келді. Ол АҚШ Халықаралық даму қаржы корпорациясының атқарушы директоры Бен Блэк, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
Мемлекет басшысы шетелдік қонақты арнайы қабылдап Қазақстан мен Құрама Штаттар арасындағы ортақ келісімдерді талқылады. Жүздесу барысында отандық экономикаға инвестиция тарту мәселесі басты назарда болды.
Кездесуде бірқатар маңызды салалар бойынша даму перспективалары қаралды. Олардың қатарына мыналар кіреді:
-
Аса маңызды минералдарды игеру
-
Көлік қатынасын және өзара байланысты жақсарту
-
Агроөнеркәсіп кешенін дамыту
-
Цифрландыру және жасанды интеллект жобаларын іске асыру
Осы ауқымды келіссөздердің нәтижесінде болашақта Қазақстанда АҚШ Халықаралық даму қаржы корпорациясының тұрақты өкілдігі ашылуы әбден мүмкін. Бұл екі ел арасындағы экономикалық байланысты жаңа деңгейге көтереді.