Астанада қайғылы жол-көлік оқиғасында 46 жастағы әйел адам оқиға орнында көз жұмды,деп хабарлайды Ozgeris.info.
Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға түнгі сағат 22:50 шамасында болған. Жолымбет көшесінің бойындағы тротуармен велосипедпен келе жатқан әйел Бестөбе көшесімен қиылыста тізгінге ие бола алмай, өтіп бара жатқан «Газель» автокөлігінің артқы дөңгелегінің астына құлаған. Алған жарақаттарының салдарынан ол оқиға орнында тіл тартпай кетті.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.