Астанада жануарға қатыгездік көрсетілген сәт түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады.Оқиға Қордай көшесінде болған. Куәгер жолдан өтіп бара жатқан қызды байқап, оның кішкентай котенкамен бірге келе жатқанын видеоға түсірген, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Пост авторының айтуынша, жануардың мойнына арқан байланған және қыз оны арқаннан тартып, сүйреп жүрген.
Көрініс куәгерді алаңдатып, ол жануардың жағдайына алаңдаған. Кейін бұл ақпарат полицияға жеткен.
Астана қаласының полиция департаменті оқиғаға қатысты тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады. Қазір видеодағы қыздың жеке басы анықталуда.
«Аталған факті бойынша қыздың жеке басын анықтау үшін тексеру жүргізілуде. Тексеру нәтижесінде оның әрекетіне Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тиісті құқықтық баға беріледі», – деп хабарлады Астана қаласының полиция департаменті.