FlyArystan әуе компаниясының Астана – Орал бағыты бойынша ұшқан рейсі жолаушының жағдайына байланысты кері қайтуға мәжбүр болды деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
18 наурыз күні болған оқиға кезінде 27 апта жүктіліктегі әйел өзін жайсыз сезінген. Экипаждың өтініші бойынша бортта болған екі дәрігер жедел көмек көрсеткен.
Жағдайды ескере отырып, әуе кемесінің командирі ұшақты Астана әуежайына қайтару туралы шешім қабылдады.
Қонғаннан кейін жолаушы медициналық қызметкерлерге тапсырылды. Кейін белгілі болғандай, әйел ұл бала дүниеге әкелген. Қазіргі уақытта ана мен нәресте дәрігерлердің бақылауында.
Әуе компаниясы көмек көрсеткен дәрігерлерге және жағдайға түсіністікпен қараған жолаушыларға алғыс білдірді.