Жаңалықтар

АҚШ үкіметі құпия құжаттарды жариялады: Пентагон мұрағатында Қазақстан туралы қандай дерек бар?

АҚШ үкіметі құпия құжаттарды жариялады: Пентагон мұрағатында Қазақстан туралы қандай дерек бар?

АҚШ қорғаныс министрлігі бұрын еш жерде жарияланбаған құпия материалдарды көпшілік назарына ұсынды. Бұл деректер жұртқа НЛО ретінде таныс белгісіз аномалиялық құбылыстарға қатысты болып отыр. Америкалық билік өкілдері ендігі кезде мұндай нысандарды ресми түрде осылай атайды деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Құжаттардың алғашқы легі үкіметтің арнайы сайтына жүктелді. Пентагон баспасөз қызметі мәліметтер қоры тұрақты түрде жаңарып тұратынын жеткізді. Енді кез келген адам арнайы рұқсатсыз бір орталықтан түрлі американдық ведомстволардың бейнежазбаларын көре алады. Суреттер мен түпнұсқа қағаздармен танысуға толық мүмкіндік жасалған.

Жарияланған мұрағатта Қазақстанға қатысты өте қызықты дерек кездеседі. АҚШ Мемлекеттік департаментінің 1994 жылғы дипломатиялық жеделхатында республика аумағындағы жұмбақ жағдай сипатталған. Сол уақытта Boeing 747 ұшағының экипажы еліміздің аспанында белгісіз аномалиялық құбылысты байқапты.

Барлық жаңалық