Ақмола облысы

Ақмола облысында найзағай екі баланы соқты: біреуі қаза тапты

Ақмола облысында екі балаға найзағай түсті. Қайғылы жағдайдың салдарынан бір бала көз жұмып, екіншісі жарақат алды, деп хабарлайды ozgeris.info сайты Orda.kz сайтына сілтеме жасап.

 

Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 20 тамыз күні Біржан Сал ауданына қарасты Үлгі ауылында болған.

 

«Найзағай соққаны салдарынан 2015 жылы туған бала қаза тапты, ал 2010 жылғы бала жарақат алды. Аталған дерекке байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», – деді полиция өкілдері.

 

Еске сала кетейік, бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысының Мәмлүт ауданындағы Владимировка ауылы маңында да ұқсас жағдай тіркелген. Көктемнің соңғы күнінде найзағай отынан бір адам қаза тапқан болатын.

Барлық жаңалық