Жаңалықтар

Ақмола облысында екі жаттықтырушы жарыс кезінде төбелесті

Оқиға Степногорск қаласындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ғимаратында болған, деп хабарлайды Оzgeris.info.

Жаттықтырушылар өз оқушыларының мүддесін жұдырықпен қорғаған. Алайда мұндай спортқа жат әрекет секцияға қатысатын балалардың ата-аналары арасында теріс пікір туғызды. Ал мектеп әкімшілігі оқиғаға қатысты түсініктеме беріп, төбелескен азаматтар өздерінің қызметкерлері емес екенін, тек жарыс өткізу үшін залды жалға бергенін мәлімдеді. Ақмола облыстық полиция департаменті бұл факт бойынша тергеу басталғанын хабарлады.

 Оқиғаның барлық мән-жайы анықталған соң, процессуалдық шешім қабылданады.

Барлық жаңалық