Алматы облысы

Алматыда 50-ден астам адам табиғи газдан уланды

Алматыда 52 адам, оның ішінде бірнеше бала табиғи газдан уланып, медициналық көмекке жүгінді, деп хабарлады Оzgeris.info қалалық денсаулық сақтау басқармасына сілтемемен.

 

Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендердің барлығы Алматы-2 станциясында тұрған пойыздың жолаушылары. Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тараған.Шұғыл көмек көрсету үшін оқиға орнына 13 жедел жәрдем бригадасы жіберілді. Дәрігерлер алғашқы тексерістен кейін зардап шеккендердің барлығын қала ауруханаларына жеткізді.

 

Олардың ішінде 10 бала ауруханаға жатқызылды. Екі бала жансақтау бөліміне, қалғандары профильді бөлімдерге орналастырылды.

 

Қалған науқастар дәрігерлердің бақылауымен үй жағдайында амбулаторлық ем қабылдап жатыр.

Барлық жаңалық