Жаңалықтар

Алғабаста 12 адамның қазасы: Өрттің алдын ала себебі жарияланды

Вице-премьер Қанат Бозымбаев Алгабас ауылындағы қайғылы жағдайға қатысты қылмыстық іздің бар екенін жоққа шығарды, деп хабарлайды Оzgeris.info сайты КазТАГ сайтына сілтемемен.

 

«Оқиға орнында тергеу амалдары жүріп жатыр, өрттің шығу себебі анықталуда. Алдын ала мәлімет бойынша, қылмыстық құрам анықталмаған», – деді Бозымбаев үкімет отырысында.

 

Еске салайық, 18 қараша таңға жуық Түркістан облысы, Алғабас ауылында жеке тұрғын үйден шыққан өрттен 12 адам қаза тапты, олардың тоғызы – балалар. Тағы үш адам жансақтау бөлімінде жатыр, екеуі өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

 

Өрт фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, сондай-ақ үкіметтік комиссия құрылды.

 

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев адам өліміне алып келген бұл қайғылы оқиғаға байланысты жедел түрде көңіл айтты. Балалардың қазасына қатысты Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева да пікір білдірді.

Барлық жаңалық