Алматы қаласындағы әл-Фараби даңғылында болған адам өлімімен аяқталған жол апатына қатысты сот процесі жалғасуда. Қайғылы жағдайға дейін айыпталушының бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
Айыпталушының бұған дейінгі құқық бұзушылықтары:
-
2025 жылдың 12 сәуірі: Жол белгілерінің талаптарын сақтамау
-
2025 жылдың 14 сәуірі: Көлік құралын тоқтату және тұраққа қою ережелерін бұзу
-
2025 жылдың 28 сәуірі: Белгіленген қозғалыс жылдамдығын асыру
-
2025 жылдың 26 тамызы: Қоғамдық орындарда алкогольді ішімдіктер ішу және мас күйде жүру
-
2025 жылдың 7 қарашасы: Белгіленген жылдамдық режимін тағы да асыру
Бұл ретте қорғаушы тарап мегаполис жағдайында кез келген жүргізушінің ұсақ ережелерді бұзатынын жылдамдық асырып дұрыс тұраққа тұрмайтынын алға тартты. Барлық құқық бұзушылықтар бойынша тиісті айыппұлдардың уақытылы төленгеніне назар аударылды.