Әлеуметтік желіде танымал актер Қуандық Шәкіржановтың жас жігітпен төбелесіп қалған видеосы тарап, көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды Оzgeris.info ақпарат порталы.
Бейнежазбада актер мен белгісіз жігіттің сөзге келіп, артынша жанжалға ұласқан сәті көрініс тапқан. Алайда оқиғаның нақты түсірілім кезінде болғаны ма, әлде шынайы тұрмыстық жанжал ма әзірге белгісіз.
Желі қолданушылары бұл видеоға қатысты екі түрлі пікір білдірді. Бірі актердің әрекетін әдепсіздік деп сынаса, енді бірі кадр кинотүсірілімнен алынған болуы мүмкін деп болжауда.Пікір қалдырғандардың арасында:
«Ағамыз неге сонша ашуланды екен?»,«Өмірде түрлі жағдай болады, асығыс сын айтуға болмайды»,«Жұлдыз ауруына шалдыққан сияқты»,«Қол көтергені ұят болды», — деген жазбалар жиі кездеседі.
Кейбір қолданушылар тіпті актердің абыройына нұқсан келді деп есептейді:
«Абыройдан жұрдай болды-ау»,«Жас жігіт оған әдейі қарсы шықпаған, бірақ үлкен адам өз-өзін ұстау керек еді».
Қазіргі таңда бұл видео әлеуметтік желілерде кеңінен таралып, актердің әрекетіне қатысты талқылау әлі де басылған жоқ.