Әлем

Әйгілі Леди Гага алғаш рет ана атанды

Әйгілі Леди Гага алғаш рет ана атанды
Америкалық әнші Леди Гага алғаш рет ана атанды. Ол және оның күйеуі, кәсіпкер Майкл Полански жақында тұңғыштарын дүниеге әкелді, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты Zakon.kz-ке сілтеп. 

Page Six басылымының мәліметінше, 40 жастағы әнші мен 42 жастағы Поланскиді жаңа туған сәбиімен бірге Солтүстік Калифорнияда серуендеп жүрген жерінен көрген. Портал жариялаған эксклюзивті фотосуреттерде Леди Гага сәбиді кеудесіне тағылатын арнайы тасымалдағышпен көтеріп жүргені көрінеді.

Әзірге баланың аты-жөні, жынысы және нақты туған күні белгісіз.

Кейін баланың дүниеге келгенін PEOPLE басылымына дереккөз растаған. Сондай-ақ онда Леди Гага мен Майкл Поланскидің тұңғышы дүниеге келгені туралы алғаш болып Page Six жазғаны атап өтілді.

Леди Гага мен Майкл Полански 2019 жылы кездесе бастаған, ал 2024 жылы олар үйленуге ниетті екенін жариялады. Соңғы айларда жұп көпшілік алдына іс жүзінде бірге шықпаған.

Әнші бұған дейін бірнеше рет ана болғысы келетінін айтқан. 2025 жылдың наурызында The New York Times басылымына берген сұхбатында ол бұрын ана болудан қорыққанын, алайда уақыт өте келе өмірінің бұл кезеңін асыға күтетінін мойындады. Ал 2025 жылдың қазанында Стивен Колбердің шоуында Гага ана болуды өзінің "келесі басты рөлі" деп атаған.

 

 

Барлық жаңалық