Әнші Гүлмира Ізбасқанова тағы да әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті, деп хабарлайды ozgeris.info
Өнер иесі бұған дейін де түрлі қылықтарымен көзге түсіп жүрген болса, бұл жолғы әрекеті тағы да көпшіліктің сынына ілікті.
«Ассалаумағалейкум! Мен үндіске ұқсаймын. Көйлек киіп ал. Сен қызсың ғой, үстіңде көйлек бар. Соңына дейін қарашы, ең соңғы видеода қатасың. Шетел жағады маған, бірден салмақ қосып аласың ғой», – деп желідегі жазбасында өзінің шетелде жүріп артық салмақ алғаны туралы айтты
Алайда оқырмандар әншінің бұл бейнесін жылы қабылдай қойған жоқ. Көпшілік оның қылығын «ерсі» деп бағалап, сын пікірлерін жаудырды.
«Кеудесі бар екен, неге бұрыннан көрсетпеген?», «Кішкентай ұлым да сұрап жатыр: бұл әйел ме, еркек пе деп», «Не істерін білмей әбден қуды ғой», – деп пікір қалдырды желі қолданушылары.