Қоғам

«Әділет» партиясы саяси кеңесінің мүшесі Марат Шибутов: «Қалада нефорлар мен альтушкалар қаптап кетіпті»

«Әділет» партиясы саяси кеңесінің мүшесі Марат Шибутов: «Қалада нефорлар мен альтушкалар қаптап кетіпті»

Астананың оң жағалауындағы жағалау бүгінде жастардың түрлі-түсті бейнесіне толы. Осы маңда серуендеп жүрген белгілі сарапшы Марат Шибутов қала көшелерінде «нефорлар» мен «альтушкалардың» қатары тым көбейіп кеткенін байқап, таңғалысын жасырмады. Бүгінде әлеуметтік желілерде трендке айналған «альтушка» термині — көпшіліктен ерекшеленуді қалайтын, альтернативті стильді ұстанатын бойжеткендерді білдіреді. Олар әдетте шаштарын ашық түстерге бояп, ерекше киім үлгісі мен көзге бірден түсетін макияжды таңдау арқылы өздерінің ішкі еркіндігін көрсеткісі келеді деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Қала тынысындағы осындай қызықты құбылыстарға назар аударған Марат Шибутов бүгінде жаңадан құрылған «Әділет» партиясының жұмысына белсенді араласа бастады. Ол партияның ең жоғарғы басқарушы органы — Саяси кеңестің құрамына енді. Бұл кеңес 40 адамнан тұратын білікті мамандар мен қоғам белсенділерінен жасақталған.

Партияның бағыт-бағдарын айқындайтын бұл топта Марат Шибутовпен бірге Бағдат Мусин мен Динара Зәкиева бар. Сондай-ақ саяси кеңес мүшелерінің қатарында Ренат Бектұров, Андрей Лаврентьев, Геннадий Зенченко және Рауан Кенжеханұлы сынды танымал тұлғалар бой көрсетті. Осылайша, тәжірибелі сарапшылар мен басқарушылардың басын қосқан «Әділет» партиясы саяси сахнада өз қадамын нық басып келеді.

Саясаттанушы бұған дейін даулы мәлімдемелерімен танымал болған:


Барлық жаңалық