Қазақстандық журналист Ербол Мәндібек актер, шоумен Қайрат Әділгерей туралы үндеу жасап, қоғамда талқылау тудырды, деп хабарлайды ozgeris.info.
Оның айтуынша, актер шамамен 60 млн теңге несие төлеп жүр, ал былтырғы фильмнен түскен табыс негізінен шығындарға кеткен.
Журналист көпшілікті жақын арада шығатын «Хотя бы кинода-4» фильміне қолдау көрсетуге шақырды.
Алайда бұл үндеу қоғамда екіге бөлінді: бірі отандық киноны қолдауды құптаса, екіншісі танымал адамның жеке қарызын халыққа жүктеу дұрыс емес деп санайды.