QALA жобасының Арқалық туралы алдыңғы шығарылымдарында Жаңа адамдар әуежай құрылысы және оның қаланың болашағына әсері туралы айтып өткен еді. Енді команда нәтижені көрсету үшін Арқалыққа қайта оралды: 30 жылдан астам уақыттан кейін әуежай қайтадан жолаушылар рейстерін қабылдай бастады, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Шығарылымда қаланың дамуы бір ғана жобамен шектелмей, бірнеше бастаманың қатар жүзеге асуы арқылы қалыптасып жатқаны көрсетіледі. Қостанай облысы әкімінің орынбасары Берік Танжариковтың айтуынша, Арқалықтың 70 жылдығына орай вокзал жаңартылған. Қаладағы барлық өзгерістер ең алдымен тұрғындарға қолайлы жағдай жасауға бағытталған: ескі ғимараттар қайта жанданып, қала тұрғындарының өздері іске қосқан жаңа кәсіптер пайда болуда.
Қаланың өткені туралы сұраққа жауап берген облыс әкімінің орынбасары бүгінгі қоғамның басты міндеті — елдің ортақ бағытын ұстану екенін атап өтті. Бұл бағытта Заң және тәртіп қағидаты басымдықта болуы тиіс.
Алайда Арқалықтағы ең басты өзгерістердің бірі — әуежайдың қайта іске қосылуы. Қалада жаңа әуежай кешені бой көтерді. Құрылыс жұмыстарының қызған кезеңінде жобаға шамамен 800 адам жұмылдырылып, нысан 10 айда салынды.
Әуежайдың іске қосылуымен қалада 136 жаңа жұмыс орны пайда болды. Әуежай құрылысына 20 млрд теңге жұмсалды. Оның ішінде 5 млрд теңгеден астам қаражат Бас прокуратура қалыптастыратын Арнайы мемлекеттік қордан бөлінді. Бұл қор елге қайтарылған заңсыз шығарылған активтер есебінен қалыптасады.
Жобаның негізгі қозғаушы күші — Мемлекет басшысының Арқалық әуежайының жұмысын қайта жандандыру және қаланы дамыту жөніндегі тікелей тапсырмасы.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев:
«Арқалықта әуежайды қалпына келтіріп, жаңа аэровокзал кешенін салу керек».«Бәрі еліміздің көлік байланысын нығайтып қана қоймай, Орталық Қазақстандағы ауыл шаруашылығы алқаптарын игеруге және мал шаруашылығын дамытуға ықпал етеді».
Келесі кезектегі ірі жоба — «Орталық – Батыс» автомагистралін қалпына келтіру. Бұл жоба іске асқан жағдайда Астана мен Арқалық арасындағы қашықтық шамамен 350 шақырымға дейін қысқарады.
Алихан Сарсенов, Жаңа адамдар:
«Әділетті Қазақстан іс жүзінде деген — өзгерістер тек ірі қалаларға ғана емес, өңірлерде іске қосылуы. Жолдар салынып, вокзал жаңарып, әуе қатынасы қайта жанданып, қалан үшін жаңа мүмкіндіктер пайда болуы. Президент осындай тәсіл туралы айтады. Алда әлі атқаратын жұмыс көп. Бірақ 30 жылдан кейін алғашқы ұшақтың қонуы — Арқалықтың тарихында жаңа кезеңнің басталғанын білдіретін жақсы белгі. Қоштаспаймыз. Сіздермен болған QALA жобасы».
Толық шығарылым сілтемесі: https://youtu.be/T-23dbrRnNI