Ақмола облысында жас жігіт өзінің бұрынғы сыныптасынан ауыр жарақат алып ауруханаға түсті, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.
Ақмола облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша 24 сәуір күні Макинск қаласындағы ауруханаға 18 жастағы жергілікті тұрғын пышақ жарақатымен жеткізілген.
Осы оқиғадан кейін бірден қылмыстық іс қозғалып, тәртіп сақшылары тиісті тергеу амалдарын бастап кетті.
«Аталған қылмысты жасады деген күдікпен жәбірленушінің бұрынғы сыныптасы ұсталып, уақытша қамау изоляторына жабылды», – деп түсіндірді полициядағылар.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын толық әрі жан-жақты анықтау мақсатында кешенді тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
Сондай-ақ тергеу барысы полиция департаменті басшылығының тікелей бақылауында екені мәлім болды.