✅ Пайдалы

1 тамыздан бастап күшіне енетін маңызды өзгерістер

1 тамыздан бастап күшіне енетін маңызды өзгерістер

Тамыз айы қазақстандықтар үшін бірқатармаңызды өзгерістермен басталмақ. Жаңа ережелер күшіне еніп, талапкерлер грант нәтижесін күтеді, әйелдерге арналған жаңа ипотекалық бағдарламаіске қосылады, ал электросамокат жүргізушілеріне қатысты талаптар қатаңдайды, деп жазады Ozgeris.info тілшісі.

Тамызда қанша күн демаламыз?

2026 жылдың тамызында қазақстандықтар 10 күн демалады. Оның бесеуі сенбіге, бесеуі жексенбіге сәйкес келеді. Биыл тамыз айында мемлекеттік мереке жоқ. Себебі 30 тамыз – Конституция күні мерекелік демалыс күндерініңқатарынан алынып тасталды. Сондықтан қосымша демалыс немесе жұмыс күндерін ауыстыру қарастырылмаған. Бес күндік жұмыс аптасында – 21 жұмыс күні, ал алты күндік жұмыс аптасында 26 жұмыс күні болады. 

Тамыздағы маңызды күндер

Мемлекеттік мерекелер болмаса да, тамызда кәсіби және тарихи маңызы бар бірнеше дата атап өтіледі:

* 2 тамызТеміржол көлігі қызметкерлері күні;

* 9 тамызҚұрылысшылар күні;

* 10 тамыз – Абай күні;

* 16 тамыз – Спорт күні;

* 18 тамызШекарашылар күні;

* 29 тамыз – Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күні;

* 30 тамызШахтерлер күні. 

Тамыздағы ауа райы қандай болады?

«Қазгидрометтің» болжамына сәйкес, тамызжаз маусымын қорытындылайтын ай болады. Елдің басым бөлігінде орташа температура +21…+29°C аралығында сақталады. Оңтүстік-батыста ауатемпературасы +30…+31°C-қа дейін көтерілсе, солтүстік пен шығыс өңірлерде +15…+20°C шамасында болады.

Жауын-шашын негізінен солтүстік облыстарда көбірек түседі. Ал оңтүстікте жауын аз болуы мүмкін. Сонымен қатар шілдемен салыстырғанда аптап ыстықтың ықтималдығы төмендейді.

1-сыныпқа құжат қабылдау аяқталады

2026-2027 оқу жылына арналған бірінші сыныпқат құжат қабылдау 31 тамызда аяқталады. Өтініштер eGov порталы арқылы қабылданады. Бірінші сыныпқа биыл алты жасқа толған немесе жыл соңына дейін алты жасқа толатын балалар қабылданады.

Қазақстан тарихындағы алғашқы Құрылтай сайлауы өтеді

23 тамызда Қазақстанда алғаш рет Құрылтай депутаттарының сайлауы өтеді. Жаңа бір палаталы парламент құрамына 145 депутат сайланады. Сайлау партиялық тізімдер бойынша ұйымдастырылып, әйелдерге, жастарға және мүгедектігі бар азаматтарға арналған 30 пайыздық квота сақталады.

Электросамокат жүргізушілеріне жаңа талаптар

25 тамыздан бастап электросамокаттарды пайдалану ережелері өзгереді.

Жаңа талаптарға сәйкес:

* тротуарлар мен жаяу жүргіншілер жолымен жүруге тыйым салынады;

* жолдың жүріс бөлігінде тек 18 жасқа толған, жүргізуші куәлігі бар және қорғаныс шлемін киген азаматтар ғана қозғала алады;

* қалған пайдаланушылар велосипед жолақтарымен веложолдарды қолдануы тиіс. 

Мас күйінде көлік жүргізгендерге жаза күшейеді

2026 жылғы 25 тамыздан бастап Қазақстанда мас күйінде көлік басқарғаны үшін жауапкершілік күшейтіледі. Жаңа талапқа сәйкес, мас болып көлік жүргізген азаматтар 8 жылға көлік басқару құқығынан айырылады. Сондай-ақ жүргізуші куәлігі жоқ болса да, мас күйінде рөлге отырған азаматтар 8 жыл бойы жүргізуші куәлігін ала алмайды. Бұдан бөлек, жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру мақсатында 65 жастан асқан жүргізушілер мен мүгедектігі бар жүргізушілер үшін міндетті медициналық тексеру енгізіледі. Олар екі жылда бір рет денсаулық жағдайын растайтын медициналық тексеруден өтуге міндетті болады.

Аталған өзгерістер жол-көлік оқиғаларының алдын алып, жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Дәрігерге қаралу тәртібі жеңілдейді

2026 жылғы 3 тамыздан бастап Қазақстанда амбулаториялық медициналық көмек көрсету қағидаларына өзгерістер енгізіледі. Соның нәтижесінде азаматтардың бейінді дәрігерлерге қаралуы жеңілдейді. Жаңа тәртіпке сәйкес, пациент кардиолог, невролог, эндокринолог және басқа да бейінді мамандардың қабылдауында болған кезде, дәрігер қажеттілік туындаса, оны диагностикадан өткізуге және қосымша үш маманның консультациясына өздігінен жібере алады. Бұған дейін мұндай жағдайда пациентке жаңа жолдама алу үшін қайтадан учаскелік дәрігердің қабылдауына баруға тура келетін. Сонымен қатар, өзгерістер аясында кейбір бейінді дәрігерлердің қабылдауына жазылу үшін енді міндетті түрде алдымен учаскелік терапевтке қаралудың қажеті болмайды. Бұл медициналық көмектің қолжетімділігін арттырып, пациенттердің уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді.

Білім гранттарының нәтижесі жарияланады

2026 жылғы мемлекеттік білім гранттарыныңқорытындысы 10 тамызға дейін белгілі болады.Талапкерлер нәтижені eGov порталындағы жекекабинет арқылы көре алады. Егер грант берілмесе, жүйе оның себебін де көрсетеді.

Киік мүйізін сату тәртібі өзгереді

4 тамыздан бастап киік мүйіздерін сатудың жаңа тәртібі күшіне енеді. Енді киік мүйіздері мен одан дайындалған өнімдер мемлекеттік мүлік тізілімінің электронды сауда алаңында аукцион арқылы өткізіледі. Аукциондар кемінде тоқсанынабір рет ұйымдастырылып, ең жоғары баға ұсынғанқатысушы жеңімпаз атанады.

Перзентханаларға тексеріс жүргізіледі

Денсаулық сақтау министрлігі 15 тамызға дейінелдегі 69 перзентхананы тексеруді жоспарлап отыр.Тексеру барысында медициналық мекемелердің санитарлық талаптарды сақтауына, заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілуіне, бір реттік медициналық құралдардың жеткіліктілігіне және медицина қызметкерлерінің даярлығына ерекше назар аударылады. 

«Ұмай» ипотекалық бағдарламасына өтінім қабылдау басталады

Тамыз айында әйелдерге арналған «Ұмай» тұрғын үй бағдарламасы қайта іске қосылады.Бағдарламаға 45 млрд теңге бөлінген.

Негізгі талаптары:

* ресми табыстың болуы;

* соңғы алты айда зейнетақы аударымдарыныңтұрақты жасалуы;

* несие сомасы – 50 млн теңгеге дейін;

* мерзімі – 25 жылға дейін.

Бағдарлама тек алғашқы баспана сатып алуға емес, тұрғын үй жағдайын жақсартуға да мүмкіндік береді.

Алимент төлеудің жаңа тәртібі енгізіледі

2026 жылғы 25 тамыздан бастап Қазақстанда алимент төлеу тәртібі өзгереді. Енді алимент төлемдері тек арнайы банктік шоттарға аударылатын болады. Жаңа талаптың мақсаты – балалар мен еңбекке қабілетсіз азаматтарға арналған қаражатты басқа қарыздар бойынша бұғаттаудан немесе өндіріп алудан қорғау. Әділет министрлігінің мәліметінше, алиментке арналған арнайы шоттағы қаражатқа бұғат қоюға немесе оған тыйым салуға жол берілмейді. Бұл алимент қаражатының толық көлемде алушының қажеттілігіне жұмсалуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Жаңа тәртіпке сәйкес, алимент алушылар екінші деңгейлі банктердің бірінен арнайы шот ашып, оның деректемелерін сот орындаушысына ұсынуы қажет. Осыдан кейін алимент төлемдері тек сол арнайы шотқа аударылатын болады.

Туристік гидтердің жұмысына жаңа талаптар енгізіледі

1 тамыздан бастап гидтер, экскурсия жетекшілерімен туризм нұсқаушылары жаңартылған ережеменжұмыс істейді. Жаңа талаптарға сәйкес туристік қызмет міндетті түрде келісімшарт негізінде көрсетіледі. Сонымен қатар гидтер саяхат басталғанға дейін маршруттың ерекшеліктері, қауіпсіздік талаптары және ықтимал тәуекелдер туралы алдын ала ақпарат беруге міндетті болады.Осылайша, тамыз айы қазақстандықтар үшін білім, тұрғын үй, көлік, туризм және мемлекеттік басқару салаларындағы бірқатар маңызды өзгерістермен есте қалмақ. Сондықтан жаңа талаптар мен мерзімдерді алдын ала білген жөн.

Барлық жаңалық