«BIG Шанхай» кәсіпкерлерінің 2,5 млрд теңге қарызы бар
Астанадағы «BIG Шанхай» сауда үйінде болған өрттен кейін кәсіпкерлер тек мүліктен ғана емес, қаржылай жағынан да қатты зардап шекті. Ресми мәлімет бойынша, 205 саудагердің жалпы қарызы 2,5 млрд теңгеге жеткен. Оның ішінде 2 млрд теңге банктерге, тағы 480 млн теңге шағын несие ұйымдарына берешек болып отыр, деп жазады Ozgeris.info.
10:39, 20 тамыз 2025