Бүгін қазақстандықтар интернет жұмысындағы кедергілерге тап болуы мүмкін. Бұл жағдайға байланысты Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
Ведомство мәліметінше кейбір интернет-ресурстардың уақытша істен шығуына құрылыс жұмыстары себеп болған. Құрылыс барысында магистральды талшықты-оптикалық байланыс желісі зақымданған.
Дегенмен мамандар бұл мәселені тез арада қолға алды. Олар интернет трафигін дереу қосалқы резервтік арналарға ауыстырған. Осы жедел әрекеттің арқасында байланыс толықтай үзілген жоқ. Азаматтар интернетті әрі қарай қолдану мүмкіндігіне ие болды.
Қазіргі уақытта жауапты қызметкерлер оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Бүлінген байланыс желісін қайта қалпына келтіру шаралары жүргізілуде.