Қоғам

«Үш баласына 50 ақ мың теңге алимент төлейді»: Айдас Ербосынұлының бұрынғы әйелі бар шындықты жайып салды

«Үш баласына 50 ақ мың теңге алимент төлейді»: Айдас Ербосынұлының бұрынғы әйелі бар шындықты жайып салды

Кәсіпқой боксшы Айдос Ербосынұлының бұрынғы жұбайы Нұрзат Ақжалбекова үш баласына төленетін алимент көлеміне қатысты мәселе көтерді. Ол әлеуметтік желідегі жазбасында құзырлы органдарға жүгініп, алимент есептеуге негіз болған құжаттардың дұрыстығын тексеруді сұрады, деп хабарлайды ozgeris.info.

Ақжалбекованың сөзінше, қазіргі таңда үш балаға ай сайын жалпы көлемі 50 мың теңге алимент төленеді. Оның пікірінше, бұл қаражат балалардың күнделікті қажеттіліктерін өтеуге жеткіліксіз.

Ол алимент мөлшері Ербосынұлының табысы туралы ұсынылған анықтама негізінде белгіленгенін айтып, құжатта көрсетілген мәліметтердің шынайылығына күмән келтіретінін жеткізді.

Сондай-ақ бұрынғы жұбайы жауапты органдардан аталған деректерге жан-жақты тексеру жүргізуді және заң бұзушылықтар анықталған жағдайда тиісті шаралар қабылдауды сұрады.

Ақжалбекова кенже қызының жасы екіде болғандықтан толыққанды жұмыс істеу мүмкіндігі шектеулі екенін атап өтіп, балалардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға қолдау көрсетуді өтінді.

Барлық жаңалық